Осы аптада өзбекстандық «ӨзА» ақпарат агенттігінде «Науаидағы «Үштөбе» ауылындағы көрініс» деген тақырыппен фоторепортаж жарық көрді.
Аталған ақпараттағы суреттерде, қойдың төлін қолына ұстаған ер адамдармен қоса, ұлтымыздың бөгенайы саналатын киіз үйде ұлттық аспаптарымызды ұстаған өнерпаздарды, асық ойнаған балаларды көруге болады.
«Науаи облысы орталығынан 250 шақырым жерде орын тепкен, Кенимех ауданындағы Үштөбе ауылындағы бүгінгі көрініс» деп жазған өзбекстандық БАҚ.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/nauaidagy-kazaki-korinis-sheteldegi-kazak-tildi-bak-ka-sholu_a3671824