Қандастар үшін ҰБТ онлайн өтеді!

ҚЫТАЙ, МОҢҒОЛИЯ және ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ қандастарға арналған МАҢЫЗДЫ ақпарат!

Қазақстан Республикасының көршілес елдермен шекарасының жабылу себептеріне орай, қандастарға Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2020 жылғы 17-ші шілде күні таңғы сағат 10.00-де (ҚР Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) ОНЛАЙН ФОРМАТТА өткізілетін болады. Яғни әр тестіленуші өз үйінде отырып, ҰБТ тапсыра алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға (интернетке) қосылған компьютер (1024 Mбит/сек.- ғаламтор жылдамдығын speedtest.net сайтында тексеруге болады), «Google Chrome» ғаламтор браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады.

Қосымша ақпаратты 16-шы шілде күні өздеріңіздің өтініштеріңізді тіркеген жоғары оқу орындарынан аласыздар (тестілеуге кіруге арналған сілтеме мен логин/құпиясөз).

15 Шілде 2020

Кері байланыс

Записаться