Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастыруда. Осы орайда маусым айында 61 қандасымыз арнайы 1404 тегін нөміріне хабарласып, өзіне керек барлық ақпаратты ала алған.
Қандастар көбіне ҚР азаматтығын рәсімдеу, ықтиярхат, тұрақты тұруға қатысты құжаттар мәселесі бойынша жүгінген. Сондай-ақ олар білім гранттары және «Отандастар қоры» тарапынан ұйымдастырылатын фестивальдар мен мәдени іс-шаралар бойынша ақпарат қызықтырған. Қоңырау шалған әр қандастың мәселесі жеке қарастырылып, жан-жақты ақпарат пен кеңес берілді.
Еске сала кетейік, әлемдегі және еліміздегі кез келген қандасымыз өз мәселесі бойынша Байланыс орталығының 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) тегін нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
✔️1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);
✔️8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);
✔️+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);
✔️8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін).