Өткен жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына осы ағамыз тұрақты тіркеуі жоқ, азаматтық ала алмағанын айтып өтініш білдірді. Қолында ешқандай құжат жоқ. Көп жыл шағымданған арыздардың жауабы бір-біріне сілтей берген. Соның салдарынан 29 жыл нәтижесіз қалған өтінішті шешуді менің басыма бұйыртқан екен.
Өз құжатына салғырттық танытудың азабын көп жыл тартқан ағаға жаным ашыды. Сонымен осы жұмысты өзіме міндет санадым. Қазақстандағы Моңғолия елшілігі, ол жақтағы Қазақ диаспорасы, азаматтарды тіркеу орталығымен үздіксіз жұмыс жүргіздік.
Бұл кісі атажұртқа 1991 жылы көшіп келген. Сонымен Қазақстан азаматтығын тездетіп алып берем деген арадағы делдалдар сан соқтырып, кейін құжатында жоғалды деп бермей кеткен. Өте күрделі еді. Құзырлы мекемеге жүгінуге мүмкіндік жоқ. Сонымен Моңғолияға жасатқан сұраныстарымыздың жауабы келген соң тиісті құжаттармен сотқа талап арызбен жүгіндік.
Қара қылды қақ жарған әділ қазы Нұра аудандық соты, ағамызды тұрақты тіркеуге қоюды ПД көші-қонға міндеттеп сот шешімі шығарды. Кеше сот шешімі күшіне енді.
Қазір қандасымызды тұрақты тұруға әліде заң талаптарымен біраз жұмыс жүріледі. Негізгі мәселе оң шешілді. Алдағы уақытта ағамыздың ҚР азаматтығына қол жеткізгенін парақшамда хабарлаймын. ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!
"Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ мен "Отандастар қоры" КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша Фронт-офис басшысы Меруеш Башай