2020 жылғы Моңғолия Парламент сайлауының қорытындысы бойынша Моңғол халық партиясынан атын ұсынған үміткер Бәделхан Қабдісіләм Баян-Өлгий аймағынан қайта сайланды. Ол 23 379 дауыспен жеңіске жетті.
Сонымен қатар, Моңғол халық партиясынан атын ұсынған үміткер Әубәкір Тілеухан 22 662 дауыспен екінші мандатқа ие болды.
Үшінші мандатты Демократиялық партиядан атын ұсынушы үміткер Бейсен Бұланұлы 22 448 дауыспен жеңіп алды.
Парламентке жаңадан сайлғанған үш саясаткер алдағы төрт жылда Баян-Өлгий халқының мүддесін мемлекеттік деңгейде қорғайды.
Бәделхан Қабдісіләм – қазір Моңғолияның Құрылыс және қала құрылысы министрі. Моңғолияда қазақ халқынан шыққан бесінші министр.
Әубәкір Тілеухан – кәсіпкер, ауыл шаруашылығының тәжірибелі маманы. Полиглот.
Бейсен Бұланұлы – Моңғолияға белгілі білікті хирург. Моңғолия денсаулық саласының қайраткері.
Айта кетейік, Моңғолияның бұл жолғы Парламент сайлауында Ж.Чинбүрэн, Х.Туваан және қандасымыз Бейсен Бұланұлы қатарлы үш дәрігер депутаттық мандатқа ие болды.
Биылғы Моңғолия Парламент сайлауына ел халқының 75 пайызы қатысқан. Их Хурал (Ұлы құрылтай) деп аталатын парламент 76 мандаттан тұрады. Нәтижесінде Моңғол Халық партиясы (Монгол Aрдын нам) 62 мандат, Демократиялық партия (Ардчилсан нам) 11 мандат және басқа партиялар коалициялармен мен дербес атын ұсынғандар 3 мантдатқа ие болды.
Дереккөз: https://turkystan.kz/article/109987-mo-oliyada-y-parlament-sajlauynda-sh-andasymyz-zhe-iske-zhetti?fbclid=IwAR2_x0RIwwrupXzQSouCLbSFEro7Y1fM0KmkbRsiweuR0w-nVd6tTOAabLY