1-15 маусым аралығындағы Фронт-офистер жұмысы

16 Маусым, 2020

Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастыруда. Осы орайда 1-15 маусым аралығында 147 қандастарымыз аймақтардағы Фронт-офистерге хабарласып, өзіне керек ақпаратты толыққанды алуда. Олар жиі қойған сұрақтар тізімінде жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, құжаттандыру, ҚР азаматтық алу, ықтиярхат мәселесі, сондай-ақ білім алуға қатысты сауалдар болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен хабарласқан қандастарымыздың дені Моңғолиядан (53 адам) болды. Осыған қоса 76 адам Өзбекстан мен Қытайдан хабарласты. Сондай-ақ Фронт-офиске сұрақ қойып, өз мәселесімен жүгінген адамдар арасында Ауғанстан, Түркия, Қарақалпақстан сияқты елдердің азаматтары болды.

Еске сала кетейік, қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің 10 аймағында орналасқан Фронт-офситерге жүгіне алады. Сондай-ақ еліміздегі қандастар мен шетелде тұратын қазақтар өз сұрақтарын 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) нөміріндегі Байланыс-орталығына хабарласып, қоя алады.

1-15 маусым аралығындағы Фронт-офистер жұмысы