Ертең сіздер маңызды да жауапты сынақ, Ұлттық біріңғай тестілеу тапсыратын боласыздар. Коронавирус індетіне байланысты әлемде және елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан сіздерге осындай айшықты күні табыс тілей отырып, барлық қиындықтарды еңсерулеріңізге тілектеспін!
Атажұртымыз Қазақстанда білім алып, жоғары оқу орнында оқимын деп келген ақ армандарыңыздың соңғы белесі қалып отыр. Сондықтан жылдар бойы жинаған білім мен қабілеттеріңіз сыналар сәт келді.
Уайым мен қорқынышқа берілмей, өз күштеріңізге сеніп, жақсы нәтижеге қол жеткізетіндеріңізге сенемін.
Жолдарыңыз оң болып, қуанышта жүздезейік. Баршаңызға сәттілік тілеймін!
Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті