Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізіледі

18 Маусым, 2020

ҚР Үкіметі Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізеді:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметітк қашықты сақтау арқылы рұқсат беріледі;

- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3) өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізіледі