ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 150 бұйрығына сәйкес, білім беру бағдарламалары топтарының бөлінісінде 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшесі "Отандастар қорының" Білім бағытының жауапты қызметкері Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.
Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруда 40 ЖОО оқу орны тапсырыс беріп, белгіленген тәртіпке сай 24 ЖОО өтті. Жалпы шетелдегі қазақ диаспора өкілдеріне дайындық бөліміне түсу үшін 1300 орын бөлінген болатын.
"Отандастар қоры" тарапынан дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысының конкурсына агротехника, ауылшаруашылығы салалары бойынша арнайы білім беретін ЖОО-ларды тарту бойынша ұсыныс айтылды және оны Комиссия мүшелері толық қолдады.