ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Отандастар қоры» ұйымдастыруымен шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан-ата жұртым, қасиетім-ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Халықаралық олимпиадасын жариялайды ?
⠀
Коронавирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларын күшейтуге байланысты, сондай-ақ оқушылардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында Олимпиада қашықтықтан өткізілетін болады.
⠀
✅ Олимпиада мақсаты:
⠀
- Шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және оларға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету;
⠀
- Олардың қазақ тілі мен әдебиетіне, туған елінің тарихы мен өз мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру;
⠀
- Олардың Қазақстан Республикасында жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасап, қолдау көрсету;
⠀
✅ Олимпиадаға кім қатыса алаыды:
⠀
- Алыс және жақын шетелдердің білім беру ұйымдарының 8-11(12) сыныптарының қазақ диаспорасының оқушылары.
⠀
✅ Олимпиаданың өту барысы:
⠀
- Өту уақыты: 2020 жылғы 25-30 маусым аралығы;
⠀
- www.daryn.kz сайтында қашықтықтан 2 тур бойынша:
⠀
- 1 тур-Эссе (берілген тақырып бойынша шығарма жазу);
⠀
- 2 тур – Шығармашылық ("Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім" тақырыбына үй тапсырмасы музыка, театр, поэзия, кескіндеме және т. б. құралдарымен ерекше түрде).
⠀
- Қатысушылардың екі тур бойынша жұмыстары 2020 жылдың 25 маусымына дейін мына эл.почтаға жолдану керек: m.bidauletova@daryn.kz.
⠀
✅ Жеңімпаздарды марапаттау:
⠀
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады.
⠀
✅ Олимпиада қатысушыларының сертификаттары және жеңімпаздар мен жүлдегерлерінің дипломдары қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
⠀
Барлық ақпарат www.daryn.kz сайттарында және әлеуметтік желілерге жарияланады.
⠀
Ана тіліміздің ардақты мәртебесін асқақтатып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына үлес қосуды армандайтын әр қандасымызға сәттілік тілейміз!