"Отандастар қоры" мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы арасында кездесу өтті

28 Мамыр, 2020

Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбаймен кездесу өтті.

"Отандастар қоры" осы ұжыммен бірлесіп атқаратын іс-шаралар сәйкестігін талқылап, оларға қандастарымызды көптен қатыстырудың жоспарын жасады.

Алдағы аптада «Отандастар қоры» мен Ұлттық спорт қауымдастығы арасында ынтымақтастық жөніндегі мемарандумды бекітуге келісім жасалды.

Рахат Жақсыбай «Отандастар қорына» жазушы Бекен Қайратұлының «Қазақтың атбегілік өнері» кітабын сыйға тартты.

"Отандастар қоры" мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы арасында кездесу өтті