«Отандастар қоры» мен «Тіл-Қазына» орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

22 Мамыр, 2020

Бүгін «Отандастар қоры» мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жиынға «Отандастар қорының» бірінші вице-президенті Талғат Адуов, «Отандастар қоры» президентінің кеңесшісі Дидар Болат және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айдос Абдыхалық бастаған орталық қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясында «Отандастар қоры» пен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Меморандум мақсаты – Қазақстанда және шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирриденттерге қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде ашық білім беру, Абайдың шығармашылығы, қазақ тілі мен әдебиетін, фольклорын үйрену, ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған «Абай институты» қазақ тілінде ашық білім беру жобасын іске асыруда бірлесіп, қызмет атқару.

Енді екі тарап шетелдегі қазақ диаспорасы және қазақ тілін меңгеруге ынталы азаматтар үшін тілді меңгерудің озық әдістемелерін пайдаланып, интернет және модильді байланыс арқылы қашықтан оқыту форматын әзірлеуді, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға мамандарды тарта отырып әдістемелер жасауды, дәрістер оқып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуді, шетелдерде қазақ тілін оқытуға арналған кластар мен арнайы кабинеттерді бірлесіп, пайдалануды және т.б. қолға алатын болады.

«Отандастар қоры» мен «Тіл-Қазына» орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды