Бүгін «Отандастар Қорының» ұйымдастыруымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қолдау» АҚ мен қандас кәсіпкерлер арасында кездесу өтті.
Іс-шараға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Кредиттеу департаменті директорының орынбасары Армат Байзаков, «Аграрлық несие корпорациясының» Мониторинг департаментінің менеджерi Аслан Тұранов және 20-ға жуық қандас кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында қандастарымыз үшін елімізде бизнесті бастау және дамыту тетіктері таныстырылып, кредиттеу бағадарламалары туралық толыққанды ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ барлық қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.
«Отандастар Қорының» Қандастарды қолдау департаментінің қызметкерлері жиналғандар үшін «Көше саудасы үшін 1000 орын» бағдарламасы көрсетіп, сауда орындарының жобаларын таныстырды. Болашақта қандас кәсіпкерлермен байланыс одан сайын арта түсіп, олардың кәсібін дамытуға бағытталған іс-шаралар легі арта түседі.