Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастыруда. Осы орайда 1-15 мамыр аралығында 49 қандасымыз арнайы 1404 тегін нөміріне хабарласып, өзіне керек барлық ақпаратты ала алған.
Қандастар көбіне ҚР азаматтығын рәсімдеу, ықтиярхат, тұрақты тұруға қатысты құжаттар мәселесі бойынша жүгінген. Сондай-ақ олар білім гранттары және «Отандастар қоры» тарапынан ұйымдастырылатын фестивальдар мен мәдени іс-шаралар бойынша ақпарат қызықтырған. Қоңырау шалған әр қандастың мәселесі жеке қарастырылып, жан-жақты ақпарат пен кеңес берілді.
Еске сала кетейік, әлемдегі және еліміздегі кез келген қандасымыз өз мәселесі бойынша Байланыс орталығының 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) тегін нөміріне хабарласа алады.