Бүгін «Жоғары білім беру жүйесін интернационализациялау және ПОСТCOVID-19 кезеңінде шетелдік студенттерді тарту» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік студенттерді тарту бойынша жоғары оқу орындарына кеңес беру және пікір алмасу.
Жиынға БПжАҰО ҚР БҒМ директорының орынбасары Г. Джарасова, ҚР БҒМ ЖООБ департаментінің директоры Ә.Тойбаев, ҚР БҒМ ЖООБ департаменті директорының орынбасары Б.Нарбекова, Шетелдік студенттерді тарту бойынша халықаралық бөлімінің өкілі А.Смаилова, Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, А.Танабаева, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті кеңесшісі Д.Болат, қордың Білім бағытының жауапты қызметкері Н.Жұмағазиев, Леонардо Да Винчи проекті (Франция) жетекшісі Е.Нұржұмаұлы және еліміздің жоғарғы оқу орындарының 120 маманы қатысты.
Вебинарға «Отандастар қоры» КЕАҚ білім бағытының жауапты қызметкері Нұрымжан Қасымұлы қатысып, шетел азаматтарымен қатар қандастарымызды көбірек шақыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар аталмыш вебинарда «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның Франциядағы Л.Давинчи университетімен бірлескен жобасын ұсынды.