«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті және Инновациялық Еуразиялық университетінде шетелден келіп білім қандаст студенттермен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн форматында өткен іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ президент кеңесшісі Дидар Болат, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Foundation дайындық бөлімінің деканы Сауле Ксембаева, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері Роза Маняпова, Инновациялық Еуразиялық университеті Foundation дайындық бөлімінің әдіскері Майгүл Сахаба, «Отандастар қорының» Білім бағыты бойынша жауапты қызметкерлер Нұрымжан Жұмағазиев пен Алжан Шарифов және Павлодар қаласында білім алып жатқан қандас студенттер қатысты.
Жиын барысында Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2020 жылғы тестілеуге қатысты бекітілген өзгертулер мен жаңартулар туралы ресми ақпаратпен таныстырды. Ал Павлодар облысы жұмыспен қамту орталығының маманы студенттерге мемлекеттік бағдарламалар туралы, жазғы уақытта мемлекет тарапынан төленетін вакансиялардың бар екенін жеткізді.
«Отандастар қоры» тарапынан Дидар Болат студенттердің төтенше жағдайдағы қал-жағдайларымен танысып, Павлодар қаласындағы фронт-офистің жұмысына баға берді. Сондай-ақ Нұрымжан Жұмағазиев төтенше жағдай кезінде өткізілетін онлайн іс-шаралармен таныстырып, студенттерді белсенді қатысуға шақырды. Осы орайда Алжан Шарифов волонтер жылында өтетін іс-шаралар мен еріктілерге жасалынатын артықшылықтар, сондай-ақ пікірсайыс клубы туралы таныстырылым жасады.
Айта кетейік, әлемде және елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты «Отандастар қоры» қандас студенттермен әрдайым байланыста және онлайн форматында кездесулер ұйымдастыруға көшті. Сондықтан жастарға барынша қолдау көрсетіліп, аймақтардағы фронт-офистер арқылы көмек жалғасын табады.