«Отандастар қорының» Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ өңірлердегі фронт-офис сарапшылары мен операторларының қатысуымен арнайы онлайн-конференция өтті. Оған барлығы 21 адам қатысты.
«Отандастар қорының» негізгі міндеттерінің бірі – шетелдегі және елге оралған этникалық қазақтармен тығыз байланыс орнату және оларға қолдау көрсету, әлеуметтік көмек алуына және бейімделуіне, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осыған орай 2019 жылы 21 сәуірде қандастарымызға арналып 1404 Байланыс орталығы құрылған еді.
Бүгін өткен онлайн жиында орталықтың 1 жыл ішінде атқарған іс-шаралары, сондай-ақ сәуір айында жасалған жұмыстары талқыланды.
Қазіргі кезде әлемде және елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілді. Осыған байланысты өңірлердегі фронт-офистегі әріптестер қашықтан істеп жатқан онлайн жұмысы туралы айтып, қандастарымыз көтеріп жатқан мәселелермен бөлісіп, сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Онлайн-конференция барысында Отандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заут барлық болып жатқан өзгерістер мен өзекті мәселелермен таныстырып өтті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде Колл-орталықтың байланыс нөмірі, оның электрондық поштасының мекен-жайы және әлеуметтік желілердегі аккаунтары туралы мәліметтер жергілікті ресми сайттарда, ақпараттық тақталарда және стендтерде қол жетімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасын табылатыны айтылды.
Облыстық департамент, басқарма басшылығымен тікелей жұмыс істеу арқылы қандастардың мәселесін шешу жолдары мен тетіктері де талқыланды. Болашақта онлайн жиын барысында көтерілген мәселелер аясында жұмыс істеп, өзге де бағыт бойынша жұмыстар атқару жоспарланды.