«Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығы» және алғашқы нәтижелер

12 Сәуір, 2020

Бүгін, 12 сәуір – Қазақстан Республикасы ғылыми қызметкерлерінің күні. Осы атаулы датаға орай былтыр, яғни 2019 жылы ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ашылған «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығы» орталығының қызметіне аз-кем тоқталып өтпекпіз. Сондай-ақ, профессор Жеңіс Жанар орталық директоры болып тағайындалғанды.

Мұндай орталық құрудағы көзделеген мақсат білгілі – Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу. Яғни, ғылыми орталықтың нәтижелі жұмысы елімізде көптеген түйінді мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді пайдалану арқылы көптеген әсерлі,табиғи негіздегі дәрілік заттардың, оның ішінде сырттан импортталып жатқан көптеген дәрілердің өзімізде өндірілуіне мүмкіндік ашылады. Орталық еліміздің медицина саласының өркендеуіне де, ел экономикасының дамуына да үлкен үлес қосары даусыз.

Ғылыми орталық көршілес елдердің ғалымдарымен де бірлесе жұмыс атқарып отыр. Атап айтқанда, 2019 жылдың 14 маусымында Өзбекстанның академик С.Ю.Юнусова басқаратын «Өсімдік заттар химиясы» институтымен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде келісім-шарт жасалды.

Осының алдында, 2019 жылы 20 мамырда аталған ғылыми орталықтың шақыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚХР ғалымдары келді.

Қытай Ғылымдары Академиясы Шанхай дәрілік препараттарды зерттеу институтының академиктері, атап айтқанда Қытай Ғылым Академиясының академигі YUE JIAN-MIN (Shanghai Institute of Materia Medica, Institute,Chinese Academy of Sciences, China) әл-Фараби атындағы ҚазҰУХимия және химиялық технология факультетінде «Шанхай дәрілік препараттар» институтының ғылыми жұмыстары туралы дәріс оқып, өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісті. Осы жолы табиғи қосылыстар химиясы саласындағы әлемнің жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция өткізу туралы шешім қабылданды.

2019 жылы қараша айындааталған ғылыми орталықтың халықаралық ынтымақтастық жұмыстары аясында Қытай Ғылымдары Академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институтымен бірлесе отырып «Қазақстан-Қытай бірлескен дәрілік заттар зертханасы» ашылды. Сонымен бірге өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды. «Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы» жергілікті шикізат пен білім негізінде Қытай мен Қазақстанда кең таралған ауруларды емдеуге қажетті косметикалық құралдар мен қауіпсіз фитомедициналық препараттарды әзірлеумен айналысып келеді.

Жеңіс Жанар тек зерттеуші ғалым ғана емес, білікті оқытушы да. Ол 2019 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.  Қазіргі таңда ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 докторантын өз саласының қыр-сыры бойынша тәрбиелеуде. Жеңіс Жанар ғылыми жетекшілік жасайтын 3-курс докторанты А.К Нұрлыбекова Қытай Ғылымдары Академиясы Шанхай дәрілік препараттарды зерттеу институтында бір жыл  ғылыми тағылымдамадан  өтіп келсе, 2-курс докторанты Айдана Құдайберген Қытай Ғылымдары Академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Айдана осы жылы Австралияның Гриффит университетіндегі Дәрілік өсімдіктерді зерттеу институтында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 1-курстыңүш докторанттары |АҚШ-тың Миссисипи университетінде ғылыми тағылымдамаларын өтеді.

Дереккөз: https://egemen.kz/article/229089-darilik-osimdikterdi-ghylymi-zertteu-ortalyghy-dgane-alghashqy-natidgeler

«Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығы» және алғашқы нәтижелер