Алматы облысының қандас кәсіпкерлерімен онлайн-конференция ұйымдастырылды

10 Сәуір, 2020

10 сәуір күні «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» Алматы облысындағы қандас кәсіпкерлердің қордаланған мәселелерін талқылау мақсатында онлайн конференция ұйымдастырды.

Жиынға «Отандастар қорының» Қандастастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Зауыт, Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің маманы Талант Мағжаев, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың Алматы облыстық филиалының басшысы Серікхан Ахмет және облыстағы қандас кәсіпкерлерден 10 адам қатысты. Кәсіпкерлер қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, білім беру және т.б. салада тер төгіп, еңбек етіп жүр.

Пікір алмасу барысында қоғамдық тамақтандыру саласының басшысы, белгілі заңгер Рахым Айыпұлы карантин жағдайында өз саласы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар қандастарымызға әлеуметтік көмек мәселесіне түсініктеме берді.

Шипажай иесі Райыс Әріпжанұлы карантинге байланысты жұмыстың тоқтағанын, соны пайдаланып дайындық жүргізіп жатқанын айтты. Ол жылына бір мезгіл жетімдер үйіндегі балаларды емделу үшін демалуға қабылдап келеді. Санаторий толық қуатта жұмыс істеген кезде жетім балаларға арналған көмекке ешқандай зиян келейтінін жеткізді.

Талдықорғандағы жылыжай иесі Бөрібай Қызырбекұлы жыл бойына қала тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз етеді. Ол осы жұмысқа қызығушылық білдірген адамдарды үйретуге даяр екенін айтты. Бастапқы кезде мемлекеттен алған грантты өз мерзімінде өтеп, қазір пайдаға кенеле бастаған.

 Қытайдан келген қандастардың балаларына кириллица, латын әріптерін үйретіп, ортаға бейімдеу мақсатында «Ұшқыр тіл» орталығын ашқан Ұлжан Тоқтарбекқызы карантинге байланысты сабақты онлайн жағдайында өткізіп жатқанын және төлемақыларды төмендеткенін айтты. Мемлекеттен жеңіл несие алған кесіпкер жұмысын ыңғайлы ұйымдастыру арқасында дамытып келеді.

Қандас кәсіпкерлеріміз онлайн жиналыс арқасында ойын ортаға салып, белгілі бір тақырыптар бойынша сауалдарды талқылауға мүмкіндік берді. Облыстық филиал басшысы Серікхан Ахмет айтылған мәселелердің кейбірі жергілікті әкімшілік басшыларына жолданатынын жеткізді. Сондай-ақ ол осы кәсіпкер қандастардың облыстық филиалдардағы шешімін күткен мәселелерді бірлесе талқылауға жұмыс жүргізетінін айтты. Серікхан Ахмет Алматы және Талдықорған қалаларындағы фронт-офис кеңселері мен 1404 нөмірдегі Байланыс орталығы жергілікті қандастардың мәселелеріне араласып, қорытынды шығарып отырғанына тоқталды.

Болат Зауытұлы жиынды қорытындылай келе қатысушылардың айтқан пікірлерін басшылыққа жеткізетінін айтты. Сонымен бірге 1404 бірыңғай байланыс орталығымен қарым-қатынасты орнатудың ұтымдылығын жергілікті адамдарға таныстырып отыруды алға тартты. Осы тұста облыстағы фронт-офистердің жұмысына кеңінен араласуға шақырып, кәсіпкерлерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Алматы облысының қандас кәсіпкерлерімен онлайн-конференция ұйымдастырылды