Наурыз айында Байланыс-орталығына 135 өтініш келіп түсті

07 Сәуір, 2020

2020 жылғы наурыз айында 1404 нөмірдегі Байланыс-орталығына 135 өтініш келіп түсті. Көмекке жүгінгендердің негізгі сауалдары ҚР азаматтығын рәсімдеу (28), тұрақты тұру ықтиярхатын рәсімдеу/мерзімін ұзарту (27), уақытша тіркеуге тұрғызу бойынша (14), оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (12), тұрақты тұруға рұқсат алу бойынша (9), оралман мәртебесін алу (4) және өзге мәселелерді (41) қамтиды.

Қазіргі кезде COVID-19 індетінің әлемде және Қазақстанда таралуына орай қандастарымыздың Байланыс-орталығына хабарласуы азайған жоқ, керісінше төтенше жағдайға байланысты оларда көптеген сұрақтар туындауда. Олар тіркеуін создыру, уақытша тұру, ықтиярхатты создыру, шекарадан өту мәселелері толғандырады.

Осыған орай Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бұл бағыттар бойынша ТАЛАП ЕТІЛГЕН:

1. Ерекше тәртіпке дейін жеке және заңды түлғалардың шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне, шақыруларды кабылдауы тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер болу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша жүгінген кезде:

2.1 Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болу үшін заңды негіздер болған кезде  «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына» және «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу қағидаларына» 1-қосымшаға сәйкес ұзартылсын;

2.2. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының» 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін «іскерлік» санатындағы бірмәртелі виза берілсін;

2.3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған келудің визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттар бар елдердің азаматтарына КҚП АЖ-ға ақпаратты енгізу және уақытша тұруға рұқсат беру туралы анықтаманы беру арқылы күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде болуды ұзарту жүзеге асырылсын;

2.4 визалы режим бойынша келетін азаматтарға форс-мажор мән-жайларының болуын растайтын құжаттарды талап етусіз күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге форс-мажор мән-жайларының болуына байланысты болу мерзімдерін үзартуды және «В20» шығу санатындағы визаларды беру қамтамасыз етілсін.

Наурыз айында Байланыс-орталығына 135 өтініш келіп түсті