Бүгін «Отандастар қорының» Бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті Ресейдегі қандастармен байланысқа шығып, онлайн-конференция өткізді. «Ресейде коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізіліп жатқан шектеулердің қандастарымыздың кәсібіне ықпалы» тақырыбына арналған іс-шараға 20 кәсіпкер қатысты.
Жергілікті кәсіпкерлер енгізіліп жатқан шектеулерге қарамастан өз кәсіптерін қолдан келгенше жалғастырып жатқанын жеткізді. Конференция аясында кәсіпкер Айгуль Жалелова ана тілін оқытуға байланысты, сондай-ақ түрлі онлайн бағдарламалар болса деп өтініш білдірді. Онлайн байланыс арқылы өткен іс-шараға Ресейдегі қандас кәсіпкерлер ризашылығын айтып, алғыс білдірді.