2020 жылы бүкіл әлемге жұқпалы коронавирус ауруы тарады. 13 наурыз Қазақстан Республикасы Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандық азаматтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Германиядан Алматы қаласына ұшып келген екі азаматтан алғашқы ауру жұқтыру дерегі анықталды.
Сынаптай сырғыған уақытпен бірге елімізде дерттің дендеп еніп бара жатқаны халқымызды алаңдатты. Бұқаралық ақпарт құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан әр жаңалық қызу талқыға түсті. Осындай қысылтаяң сәтте әлеуметтік желіден оқыған ақжолтай жаңалық көңілімізге медеу болды.
Алматы қаласындағы «Ел аман» ауруханасының ұжымы «Мемлекеттік емдеу орталықтарына кез келген сәтте көмекке келеміз!» деп үндеу жариялады. Кейіннен жақсылыққа жәрдемші болып, ауруға ем іздеген ақ халатты абзал жанның қытайдан келген қандасымыз Дастан Рызбай екенін білдік. Үрімжі қаласындағы Орталық аруханада 15 жылдан артық қызмет атқарған білікті маманнның атажұртқа оралғанына да бірнеше жылдың жүзі болыпты.
«Отандастар қоры» баспасөз қызметі атынан хабарласқанымызда жұмысына адал азамат артық мақтаумен жергілікті немесе қандас дәрігер болып бөлінуге қарсы екенін жеткізді. Ауруға араша түскен абзал жандардың ортақ мақсаты науқас өмірін сақтап қалу екенін атап өтті. Сын сағатта сырғақтамай халық үшін қызмет атқаруға дайын азаматтардың бар екеніне және бір мәрте көзіміз жетті.
Ел бойынша «Ел аман» ауруханасының ұжымы бастаған игі бастамаға жеке меншік ауруханалар да қолдау білдіруде. «Отандастар қоры» атынан мамандығына адал барша дәрігерлер қауымына алғыс білдіреміз!