2020 жылғы наурыз айының 2 мен 13 аралығында Колл-орталыққа қандастарымыздан 60 хабарлама келіп түсті. Осы арада телефон арқылы келіп түскен өтініштердің саны бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары, сонымен қатар Қостанай облысы жоғары белсенділік танытты.
Осы хабарласқан өтініштер арасында негізгі мәселе қандастарымыздың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу болып табылады.
Осыған байланысты келген қандастарымызға Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға қандай құжаттар және қайда тапсыру керек екенін айтып кетсек.
Қазақстан Республикасының азаматтығын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
- ҚР азаматтығын қабылдау себебін көрсетіп, облыстық Полиция департаментінің бастығына жеке өтініш
- Бұрынғы мемлекетінің Президентінің атына азаматтығынан бас тарту туралы өтініш /нотариуспен бекітілген/
- Арыз-сауалнама өтініш /қала, аудандағы Көші-қон қызметі береді/
- Сурет 3,5*4,5 (2 дана)
- Өмірбаян /еркін үлгіде/
- Міндеттеме /қала, аудандағы Көші-қон қызметі береді/
- Паспорт, туу туралы куәлік, балаларының туу туралы куәлігі /нотариуспен бекітілген аудармасымен бірге/
- Неке қию куәлігі (қайтыс болған, ажырасу) /нотариуспен бекітілген аудармасымен бірге/
- Ықтияр хат /көшірмесі/
- Оралман куәлігі /көшірмесі/
- 14-18 жас аралығындағы балалардың ҚР азаматтығына тапсыру үшін келісімі /нотариус береді/
Қала, аудандық Көші-қон қызметі басқармасына тапсырасыз /КҚҚБ/