Ардақты ағайын! Қымбатты бауырлар!

22 Наурыз, 2020

Сіздерді және шетелдегі барша қандастарды өз атымнан, "Отандастар қорының" ұжымы атынан жанымызға жарқын үміт, көңілімізге ізгі ниет ұялататын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тыныштық пен тұрақтылыққа, ұлттардың өзара достығы мен татулығына үндейтін, елімізді көркейтіп, ырысымызды молайтатын  Наурызда күн мен түн теңесіп, ұлан байтақ жерімізге жаңа жыл келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сырттағы қаңдастарға көмек көрсету бойынша тікелей тапсырмасы аясында құрылған Отандастар қоры өткен жылы айтарлықтай ауқымды жобалардың басы-қасында болды.
Іс-шараларымыздың барлығы шетелдегі ағайынның игілігіне бағытталған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды қарқынды жалғастыратын боламыз.

Осы орайда бізбен бірлесіп аталған жобалардың тиімді жүзеге асуына сүбелі үлес қосқан біздің шетелдегі ұлттық мәдени орталықтарымызды ерекше атап өткім келеді.

Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен шетелде тұрып жатқан ағайынға жәрдемдесу және олардың Қазақстанға көшіп келуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірлеуге белсенді кірістік.

Наурыздан тарайтын осындай жайдары шуақ бейбітсүйгіш елімізге амандық, сіздердің отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға бақыт пен береке-бірлік, зор денсаулық және әр істерімізге сәттілік сыйласын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Ізгі тілекпен, "Отандастар қоры" КЕАҚ Президенті Н. Әбіқаев

Ардақты ағайын! Қымбатты бауырлар!