«Ұлы Дала» кітаптар сериясының жаңа топтамасының тұсаукесері

Бүгін, 00:00

2026 жылғы 20 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен «Ұлы Дала» кітаптар сериясының жаңа топтамасының тұсаукесері өтеді.

Оқырман назарына шетелде тұратын қазақ қаламгерлері мен ғалымдарының бес еңбегі ұсынылады:

  • Рысбек Зұрғанбайұлы – «Моңғолия қазақтары: саяси нәубет және тарихи жады»
  • Жазитхан Әуелхан – «Құт мекенім – Қосағаш»
  • Құлназар Ибрагимов – «Жыр өткелі»
  • Сұлтан Жанболатов – «Таластағы тайталас»
  • Ағыпар Бәкей – «Микроэкономика» оқулығы

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, «Отандастар қоры» КеАҚ-ның және Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы, кітап авторлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.

📅 2026 жылғы 20 қараша, жұма, сағат 11:00
📍 Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (Астана қаласы, Достық көшесі, 11)

«Ұлы Дала» кітаптар сериясының жаңа топтамасының тұсаукесері