2026 жылғы 7 қарашада Астана қаласында Қазақстанда білім алып жатқан қандас жастарға арналған «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» мотивациялық форумы өтеді.
Форум түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесуге, тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға арналған. Қатысушылар білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік, көшбасшылық және жеке даму бағыттары бойынша пайдалы ақпарат алып, өз әлеуетін жүзеге асыру жолдарымен танысады.
Бағдарлама аясында мотивациялық сессиялар, ашық пікірталас, кәсіби нетворкинг және жастардың тың бастамаларын қолдауға бағытталған жобалар ұсынылады.
Бұл форум өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір жасқа жаңа мақсаттар қойып, нақты қадам жасауға серпін береді.
📅 Күні: 2026 жылғы 7 қараша
🕙 Уақыты: 10:00–15:00
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 208-зал
🔗 Тіркелу: https://oq.gov.kz/zhastar-mumkindik-bolashak