«Отандастар медиа сыйлығы» байқауы басталды

Кеше

«ОТАНДАСТАР МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» – БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ!

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ пен журналистерге арналған «Отандастар медиа сыйлығы» байқауын жариялайды. Медиа байқау Ұлт ұстазы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналады.

🏆 Номинациялар:
▪️ «Үздік БАҚ»
▪️ «Үздік журналист»
▪️ «Үздік жас журналист»

👥 Кімдер қатыса алады?
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ шетел азаматтары. Олар шетелдегі БАҚ-та ресми жұмыс істейтін журналист болуы керек.

🎁 Әр номинацияның жеңімпазына диплом және iPad A16 планшеті беріледі. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталады.

📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 13–29 қазан (Астана уақытымен 23:59-ға дейін)
📩 Өтінім жіберетін пошта: otandastar.press@gmail.com 
Байланыс: А. Шарифов, +7 775 510 5191

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

 

«Отандастар медиа сыйлығы» байқауы басталды