«Отандастар қоры» мен Қ.Қуанышбаев театры бірлескен рухани жобаларды жүзеге асырады

30 Қыркүйек 2026

 

«Отандастар қоры» КЕАҚ басшылығы мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ресми кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты — елге білім алуға келген қандас жастар қоғамға бейімделуге қолайлы жағдай жасап, оларды ұлттық мәдениетімізбен, тарихымызбен және театр өнерімен жақынырақ таныстыру.

Қандас студенттерге қолдау көрсетіп, олардың ұлттық сана-сезімін арттыру мақсатында театр қойылымдарын тамашалауына жағдай жасалып, бірлескен рухани жобалар жүзеге асырылады.

«Отандастар қоры» мен Қ.Қуанышбаев театры бірлескен рухани жобаларды жүзеге асырады