TechnoWomen серіктестігі аясында: «Отандастар қоры» өкілі Атыраудағы AI-конференцияда баяндама жасады

Кеше

Атырау қаласында «AI Month» жасанды интеллект айлығы аясында «AqylTech Atyrau 2026 – AI Digital Bridge 2026» қорытынды конференциясы өтті. Өңір жастары, IT мамандары, кәсіпкерлер мен цифрлық сала сарапшылары бас қосқан жиынға «Отандастар қоры» КеАҚ өкілі спикер әрі финалист ретінде қатысты.

Конференция 2026 жылғы 22 қыркүйекте «TechnoWomen», Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Atyrau IT Hub ұйымдастыруымен өтті.

Конференцияның басты мақсаты – цифрлық экономиканың жаңа мүмкіндіктерін талқылау, идеяны нақты жобаға айналдыру және жасанды интеллект (AI) құралдарын бизнес пен күнделікті жұмыс процесіне енгізу жолдарын саралау болды.

Шараның орталық сессиясында «Отандастар қоры» өкілі, «AqylTech» бағдарламаcының финалисі Алжан Шарифов спикер ретінде сөз сөйлеп, цифрлық жобаларды «идеядан алғашқы нәтижелерге дейін» жеткізу жолындағы тәжірибесімен бөлісті және шара соңында арнайы марапатқа ие болды.

Сонымен бірге жиын барысында қатысушыларға арналған практикалық AI-сессия ұйымдастырылып, заманауи жасанды интеллект құралдарын нақты міндеттерді шешуге пайдалану тәжірибесі көрсетілді. Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, нетворкинг алаңында серіктестікті дамыту бағыттары талқыланды.

Еске сала кетейік, өткен жылы «Отандастар қоры» КеАҚ мен «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл әріптестік отандастарды, әсіресе әйелдер мен жастар қауымын цифрлық сауаттылыққа, жаңа технологиялар мен инновациялық бастамаларға баулуда жемісті жалғасып келеді.

 

TechnoWomen серіктестігі аясында: «Отандастар қоры» өкілі Атыраудағы AI-конференцияда баяндама жасады