«Ақшаға бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті делдалдар туралы ескертті

15 Қыркүйек 2026

Қазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу - маңызды кезең. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.

Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.

Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды.

Ең бастысы - бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.

Нұрбол Байсынов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті этникалық миграция басқарма басшысы

 

«Ақшаға бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті делдалдар туралы ескертті