Құрылтай сайлауы: 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды

Кеше

 

Құрылтай депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де).

Дереккөз: Egemen Qazaqstan

Құрылтай сайлауы: 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды