Бүгін — ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні (1845–1904).
Абай қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салды, ұлт болмысын әлемге танытты. Оның мұрасы — дүние жүзіне тараған қандастарымызды туған тілі мен төл мәдениетіне жақындататын рухани темірқазық.
Абайдың Орта Азия әдебиетіндегі орнын айшықтап, рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында 2025 жылы «Отандастар қорының» «Ұлы дала» жобасы аясында әдебиеттанушы ғалым, профессор Қалдыбек Сейдановтың «Абай және Орта Азия әдебиеті» атты құнды еңбегі жарық көрді.
Кітапты «Отандастар қорының» онлайн кітапханасынан оқи аласыз.
ВИДЕО: youtube