Сіздерді «Халықаралық әйелдер мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Барлығыңызға көктемнің алғашқы мерекесі қуаныш сыйласын! Шуақты күндей мейірім ұялаған жүздеріңізден шаттық кетпесін!
Өмірде баға жетпес байлықтың бірі ананың балам деген аялы алақаны. Ақ сүтін беріп өсірген аналарымыз, жылы жүзді әпкелеріміз, бұрымды қарындастрымыз, ибалы келіндеріміз аман болсын!
«Отандастар қоры» атынан барша әйелдер қауымын құттықтаймыз!
Барлығыңызға баянды махаббат, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!