«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық  сурет салу байқауы

Кеше

«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауының ЕРЕЖЕСІ 


  I. Байқаудың негізгі мақсаты 

«Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.
Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
– шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;
– Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;
– жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;
– балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

II. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
           
1.    Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті);
2.    Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
3.    Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек:
– Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);
– Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;
– Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.
4.    Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;


III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар

1.    Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады. 
2.    Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады: 
– қарындаш; 
– түрлі-түсті қарындаш; 
– фломастер; 
– акварель бояулары; 
– гуашь; 
– майлы бояулар; 
– пастель; 
– көмір; 
– маркер; 
– акрил бояулары; 
– гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары. 
3.    Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін: 
– Қазақстанның табиғаты; 
– тарихи және мәдени ескерткіштер; 
– ұлттық салт-дәстүрлер; 
– қазақ халқының тұрмысы; 
– ұлттық мерекелер; 
– Қазақстанның көрікті жерлері; 
– болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер. 
4.    Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады. 
5.    Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады. 
6.    Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды. 
7.    Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді. 
8.    Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады. 


IV. Бағалау критерийлері

1. Тақырыпқа сәйкестік
Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.
2. Шығармашылық көзқарас
Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.
3. Көркемдік шеберлік
Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.
4. Ұлттық мазмұн
Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.
5. Эмоционалдық әсер
Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады.


V. Байқау мерзімі

Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап 
28 тамызға дейін қабылданады. 


VI. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
I орын – Ноутбук;
II орын – Планшет;
III орын – Смарт сағат.
Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.
Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет

«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық  сурет салу байқауы