Қоғамдық лекция | Қалыбек Қобландин

Кеше

«Қоғамдық лекция» жобасы басталады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ жаңа білім беру және тәжірибе алмасу алаңы «Қоғамдық лекция» жобасын ұсынады.

Жобамыздың алғашқы спикері — белгілі дипломат, тарих ғылымдарының докторы, профессор және «Отандастар қоры» КеАҚ кеңесшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин.

Қалыбек Ибрагимұлы — Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2013-2019 жж.). Ол өзінің Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Моңғолия елдеріндегі көпжылдық мол дипломатиялық қызметінің қыр-сырымен бөліседі.

Лекция барысында:
— Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттағы бірегей тәжірибелер айтылады;
— «Отандастар қорының» шетелдегі қандастарды қолдауға бағытталған ауқымды жобалары мен қызметі таныстырылады;
— Қатысушылар көкейкесті сауалдарына тікелей жауап ала алады.

Күні: 9 маусым
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

Қатысу үшін тіркеліңіз: +7 775 510 5191 (What's App)

Тәжірибелі дипломатпен жүздесіп, пайдалы білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Қоғамдық лекция | Қалыбек Қобландин