🎼 Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсем Қоңыр» халықаралық онлайн күй байқауына қатысуға шақырамыз!
✨ Байқауға 11–15 жас аралығындағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
📌 Байқау онлайн форматта өтеді
📌 Байқауға төменде көрсетілген күйлерден орындап бейнежазбаға түсіріп жіберу қажет. Әрбір бейнежазба ұзақтығы: 1–4 минут
📌 Ұлттық киім мен орындау шеберлігі ескеріледі
📌 Байқауға қатысу үшін екі күй орындау қажет.
Біреуі — Дина Нұрпейісованың репертуарынан міндетті күй.
Екіншісі — төменде берілген тізімнен қатысушының таңдауы бойынша орындалады.
🎵 Міндетті күй: — Дина Нұрпейісова «Науысқы»
🎶 Таңдауға берілетін күйлер:
* Құрманғазы «Балбырауын»
* Дәулеткерей «Кероғлы»
* Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса»
* Әбдімомын Желдібаев «Ерке сылқым»
🏆 Үздік 20 қатысушы «Жас Қазақ» жазғы этно-лагеріне жолдама алады!
✨ Жолдамаға: екі апталық лагерь бағдарламасы, тұру мен тамақтану, мәдени-спорттық іс-шаралар кіреді. Лагерьге барып-қайту жол ақысы қатысушы есебінен төленеді.
📧 Бейнежазбаларды 2026 жылғы 28 мамырға дейін oq.govkz@gmail.com э-поштасына жіберу қажет.