«Кел, балалар, оқылық!» шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған халықаралық онлайн байқау

Кеше

«Кел, балалар, оқылық!» шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған халықаралық онлайн байқау

 

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

Байқауға 11–15 жас аралығындағы қазақ диаспорасының балалары қатыса алады.

Қатысу үшін үміткерлер Ыбырай Алтынсариннің кез келген шығармасы негізінде мәнерлеп оқу, театрландырылған қойылым немесе шығармашылық импровизация форматында бейнеролик түсіруі қажет.

Бейнежазбамен бірге қатысушылар 2026 жылғы 28 мамырға дейін oqbaiqau@gmail.com электронды пошта келесі ақпаратты жолдауы тиіс: аты-жөні, мемлекеті, байланыс нөмірі, туған күні (жылы, айы, күні) және шетелдік паспорт көшірмесі. 

Жеке қатысуға болады немесе топтық форматтағы жұмыстар қабылданады (топ құрамы 2 адамнан аспауы тиіс).

Өлеңдер, музыкалық шығармалар, декорациялар, реквизиттер және театрландыруға арналған кез келген шығармашылық элементтерді қолдануға болады.

Бейнежазба ұзақтығы 1-4 минут аралығында болуы керек.

Қатысушылар бейненің сапалы түсірілуін және дауыстың анық естілуін қамтамасыз етуі қажет.

Үздік жұмыстар Қоғамның әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Бейнежазбалар 2026 жылғы 28 мамырға дейін қабылданады.

 

МАРАПАТТАУ

Үздік 15 қатысушы «JAS QAZAQ–2026» жазғы танымдық этно-лагеріне жолдама алады. Жолдама лагерьдегі екі апталық оқу бағдарламасын, тұруды, тамақтануды және түрлі іс-шараларға қатысуды қамтиды. Лагерьге барып-қайту жол ақысы қатысушы есебінен төленеді.

«Кел, балалар, оқылық!» шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған халықаралық онлайн байқау