2026 жылғы 16 сәуір күні Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетімен маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында университет ұжымына Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында 2026 жылғы 25–26 наурыз күндері өткен «Қазақстандық білім күндері» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ерекше алғыс білдірілді.
Аталған іс-шара шетелдегі қандастарға қазақстандық жоғары білім беру мүмкіндіктерін таныстыруда маңызды рөл атқарып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.
Кездесу аясында тараптар алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру, ғылыми және мәдени бағыттағы жобаларды талқылап, нақты жоспарлармен алмасты. Сонымен қатар, өзара байланысты одан әрі дамыту мақсатында «Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға» қол қою жөнінде келісімге келді.
.jpg)