«Отандастар қоры» КеАҚ «Қазақстандық білім күндері» халықаралық іс-шарасына қатысқан Қазақстанның жоғары оқу орындарына алғыс білдірді

17 Сәуір 2026

2026 жылғы 17 сәуір «Отандастар қоры» КеАҚ 2026 жылғы 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен «Қазақстандық білім күндері» халықаралық іс-шарасына қатысқан Қазақстанның жоғары оқу орындарына алғыс білдіреді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру, отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын насихаттау, талапкерлерге кәсіби бағдар беру, сондай-ақ қандас жастарды Қазақстанда білім алуға тарту болды.

Сонымен қатар, бұл бастама білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жастар арасындағы академиялық ұтқырлықты дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында талапкерлер мен олардың ата-аналарына жан-жақты ақпарат беріліп, жоғары оқу орындарының өкілдері білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен таныстырды. Бұл кездесулер жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізді.

«Қазақстандық білім күндері» аясында еліміздің 10 жетекші жоғары оқу орны қатысып, өздерінің білім беру әлеуетін таныстырды:

🔹 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

🔹 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

🔹 Astana IT University

🔹 Astana International University

🔹 Esil University

🔹 М. Тынышпаев атындағы ALT University

🔹 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

🔹 Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті

🔹 Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

🔹 Қарағанды «Bolashaq» академиясы «Отандастар қоры» барлық серіктес жоғары оқу орындарына белсенді қатысқаны, қолдау көрсеткені және отандық білім беру жүйесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіреді.

Осындай маңызды бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, шетелдегі қазақ жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аша беретініне сенім білдіреміз!

«Отандастар қоры» КеАҚ «Қазақстандық білім күндері» халықаралық іс-шарасына қатысқан Қазақстанның жоғары оқу орындарына алғыс білдірді