25 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Оқу сауаттылығы» атты оқу-әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында авторлар кітаптың мазмұнымен қысқаша таныстырып, басылымның құрылымы мен оқу үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды.
Таныстырылымға “Отандастар қоры” КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам қатысты. Өз сөзінде Алибек мырза оқытушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да көптеген қандастарымыздың елімізде білім алуына қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Аталған оқу құралы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды еңбек ретінде бағаланатынына сеніміміз мол