«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері 31 қаңтар күні қандас студенттер арасында өтетін IV Халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында «Астана» ПБК клубының өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында турнирді өткізу форматы, жарыс кестесі, командалардың қатысу тәртібі, төрешілер құрамы, техникалық қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру, ақпараттық қолдау көрсету, көрермендермен жұмыс істеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Тараптар «Otandastar Cup» турнирінің қандас студенттер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосатын үлесін атап өтіп, іс-шараны бірлесіп жоғары деңгейде өткізуге дайын екендіктерін білдірді.