Жаңа жылдарыңызбен!!!

01 Қаңтар 2026

Сіздерді "Отандастар қоры" ұжымы атынан келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Әлемнің әр қиырында өмір сүріп жатсаңыздар да, қазақтың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіріп келе жатқандарыңыз – үлкен құрметке лайық іс. Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, тарихи Отанмен рухани байланысты нығайта түсуде.

Өтіп бара жатқан жыл өзара ынтымақтастықты күшейтіп, шетелдегі қандастарға арналған көптеген маңызды жобалар мен бастамаларға жол ашты. Алдағы жылы да бірлесе атқаратын жұмыстарымыз жалғасып, білім, мәдениет, ғылым және кәсіпкерлік салаларындағы байланыстарымыз одан әрі кеңейе береді деп сенеміз.

Жаңа жыл әр отбасыға амандық, молшылық, татулық пен қуаныш әкелсін. Баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жарқын жоспарлар мен баянды болашақ тілейміз!

Жаңа жыл құтты, берекелі болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!!!