Әлемнің әр түкпірінде еңбек ететін қазақ ғалымдары мен сарапшылар Астанада бас қосты. Бұл шараны Отандастар қоры ұйымдастырып, Қазақстанның ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға және сырттағы отандас ғалымдармен байланыс орнатуға бағытталды
Форумға шетелден 40-тан астам қазақ ғалымы, сондай-ақ ел ішінде жүзге жуық зерттеуші мен сарапшы қатысты. Жиында медицина, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, биотехнология сияқты сала мамандары өз жобаларын таныстырып, бірлескен зерттеу мен ғылыми коллаборацияларға шақырды.
Форумның нәтижесінде ұсынылған ғылыми жобалар мен баяндамалар арнайы жинаққа біріктіріліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолдану үшін әзірленді.
Дереккөз: Juzmedia.kz.