Құрметті қандас студенттер!

10 Қазан 2025

Сіздерді өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «OQ STARTUP» үздік жоба байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқауға кез келген саладағы инновациялық, әлеуметтік немесе шығармашылық бағыттағы жобалар қабылданады.

Қатысу үшін:

2 минутқа дейінгі бейнероликті немесе 10 беттен аспайтын презентацияны

төмендегі байланыстардың біріне жіберу қажет:

WhatsApp/Telegram: +7 747 508 01 00

Электронды пошта: Oqbaiqau@gmail.com

 

Хатпен бірге келесі мәліметтерді көрсетіңіз:

– Толық аты-жөні

– Азаматтығы

– Оқитын университеті мен курсы

– Жасы

Құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 11 қарашаға дейін қабылданады.

 

Үздік деп танылған 2 жоба иегері

21 қарашада Астана қаласында өтетін “Отандас ғалымдар форумында” марапатталады.

 

Жаңа идея – жаңа мүмкіндік!

Құрметті қандас студенттер!