Бүгін “Отандастар қорында” Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығының Ташкент облысы бөлімінің төрағасы Қалдыбаев Дамир мен орынбасары Алашбаев Ескендір ресми сапармен қонақта болды.
Кездесу барысында Республика күніне орай Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығының Ташкент облысы бөліміне “Отандастар қорының” алғыс хаты табыс етіліп, қандастармен жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстары үшін ризашылық білдірілді.
Сондай-ақ, қандастар арасындағы белсенді қызметі мен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Ескендір Алашбаев мырза “Отандастар қорының” төс белгісімен марапатталды.
Кездесу қорытындысында екі тарап алдағы уақытта өзара серіктестікті нығайтып, ортақ бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға келісім білдірді.