«Отандастар қоры» халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуда

17 Қазан 2025

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің диаспора құрылымдарының өкілдері қатысып жатқан II «INTERNSHIP» (тәжірибе) бағдарламасы аясында қазақстандық делегация да Әзербайжанға барды. Бағдарламаға «Отандастар қоры» да қатысып жатыр.

Сапар барысында қатысушылар Фахри хиябан мен Шейіттер аллеясын, сондай-ақ Жеңіс саябағын аралап, гүл шоқтарын қойып, құрмет білдірді.

Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетте өткен ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

«Отандастар қоры» өкілі өз сөзінде қазақ диаспорасын қолдау және бауырлас түркі елдерімен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

«Отандастар қоры» халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуда