Қазақстан халқы тілдері күні

05 Қыркүйек 2025

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке еліміздегі барлық этностардың тілін құрметтеуге, ең бастысы мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға арналған. Әр тіл – халықтың рухани қазынасы, ал қазақ тілі – баршамызды біріктіретін құндылық.

Осы орайда, "Отандастар қоры" 2025 жылдың тамыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың екінші легін іске қосылғанын хабарлаймыз.

Курсқа қатысу талаптары:

• Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

• Жас ерекшелігіне шектеу жоқ;

• Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылық таныту;

• Онлайн сабақтарға тұрақты қатысу;

• Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.

Қазақ тілін бірге үйренейік, бірге дамытайық!

Тілдер күні құтты болсын! 

Қазақстан халқы тілдері күні