2025 жылдың 5 қазанында Астана қаласында «Отандастар қоры» КеАҚ қандас студенттерге арналған алғашқы киберспорт турнирін өткізеді.
Бұл турнирдің басты мақсаты – шетелден келген қандас студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау, достық қарым-қатынас орнату және ортақ қызығушылық арқылы жаңа таныстықтарға жол ашу.
Жарысқа Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен келген студенттерден құралған 12 команда, барлығы 60 ойыншы қатысып, жоғарғы дәрежедегі ойын көрсетті.
Финалда Моңғолия елінен келген «Final Exam Clutch» және «Plan B» командалары кездесті. Қызу тартыс нәтижесінде «Final Exam Clutch» командасы жеңімпаз атанды. Ал үшінші орын Өзбекстаннан келген «Guardians» командасына бұйырды. Турнирдің үздік ойыншысы болып Ануарбек Манас танылды.
Бұл жарыс қандас жастарды бір алаңға жинап, достық пен бірліктің символына айналды. «Отандастар қоры» алдағы уақытта да осындай жобаларды жалғастырып, қандас жастардың бастамалары мен белсенділігін қолдауға ниетті.