19 жастағы Айтжан Қалмаханов әлем чемпионы атанды!

22 Қыркүйек 2025

Өзбекстан елінің қазақ балуаны 19 жастағы Айтжан Қалмаханов грек-рим күресінен 63 kg әлем чемпионы атанды. Ташкент төрінде той!

Қазақ баласы Хорватия төрінде қарсылас шақ келтірмеді. Ол ақтық айқаста оңтүстік кореялық Чон Хан Джэні 8:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Ол Қазақстан балуаны Ержет Жарылқасынды да ширек финалда 8:0 қылған. 

Жауырының жер иіскемесін жас Қажымұхан!

19 жастағы Айтжан Қалмаханов әлем чемпионы атанды!