Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ және Techno Women қауымдастығының өкілдері Астанада жаңадан ашылған Cardiff University филиалының таныстырылымына қатысты.
Cardiff University – Ұлыбританиядағы ең беделді оқу орындарының бірі, Russel Group құрамына кіретін үздік 20 университеттің қатарында.
Енді оның алғашқы шетелдік кампусы дәл осы Қазақстанда, Астанада есігін айқара ашты.
Қыркүйектен бастап мұнда 300-ге жуық студент білім алып жатыр, ал болашақта олардың саны арта түсетіні сөзсіз.
Бұл бастама – Қазақстанның білім беру кеңістігі үшін үлкен жетістік. Жаңа филиал әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алуға, халықаралық тәжірибе жинауға және отандық жастардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Мұндай жобалар – еліміздегі жастардың болашағына жасалған маңызды инвестиция.
@cardiffunikazakhstan
@technowomenkz